Шымбұлақта жүйткіген көлікті ресми бейнежазбадан көруге болады

20 Ақпан 2014, 20:12
0
Шымбұлақта жүйткіген көлікті ресми бейнежазбадан көруге болады -  ©Youtube.com
©Youtube.com
"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортындағы көлік жарысының ресми бейнематериалы жария етілді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін ғаламторда осы бейнероликті әзірлеу барысында түсірілген бейнежазба пайда болған еді. Одан
Subaru Legacy-дің тау баурайында сноуборд тебушілермен бірге ары-бері қиялай бұрылып, құлдилап жүргенін көруге болады.

Түсірілімге кәсіби каскадерлер мен сноубордшылар қатысқан. Көлік рулінде дрифт пен автослаломнан Қазақстан чемпионаттарына қатысушы Антон Авдеев болды.

Ресми бейнеролик:



Бұл туралы әуесқойлар түсірген бейнежазба ғаламторда ең алғаш пайда болған кезде қолданушылардың наразылығын туғызған еді. Көпшілік автокөліктің тауға шығуына қалай рұқсат берілгеніне таңғалысқан еді. Кейін курорт жетекшілігі бұл жайттың арнайы қойылым екенін мәлімдеді. Түсірілім алдында таудағы қардың қалыңдығы мен көшкін қаупі тексерілген. Қар жабыны арнайы техниканың көмегімен тығыздалған. Түсірілім орнында өртсөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік атқарыпты. Курорт жетекшілерінің айтуынша, қойылым барысында каскадерлер жарақат алған жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай