16 ақпан 2022 12:00

"Шымқала" қамалы. "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл Chevrolet мен Tengrinews бірге бастаған "Республика мақтанышы" жобасының алтыншы шығарылымы, онда Оңтүстік Қазақстандағы бірегей жер - Шымкенттің ескі қамалы - "Шымқала" цитаделі туралы айтамыз.


Бұл Chevrolet мен Tengrinews бірге бастаған "Республика мақтанышы" жобасының алтыншы шығарылымы, онда Оңтүстік Қазақстандағы бірегей жер - Шымкенттің ескі қамалы - "Шымқала" цитаделі туралы айтамыз.

Шымкент қаласының тарихы да осы жерден басталады. Мұндай бірегей археологиялық ескерткіш - заманауи қала құрылысы орталығында қорғаны бар елді мекен Қазақстанның басқа ешбір қаласында кездеспейді. Осы жердегі қазба жұмыстары арқасында археологтар Шымкентке 2000 жылдан астам уақыт болуы мүмкін деген қорытындыға келді. 2021 жылы цитадель жергілікті тұрғындар мен туристерге есігін айқара ашты. Мұнда олар Қазақстан тарихымен таныса алады.

Шығарылым кейіпкері Бекжан Қалыбаев "Шымқала" тарихи-мәдени кешенінің ақпараттық-экскурсиялық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. "Менің ойымша, Шымкент қамалы - тарихпен сырласатын жер. Мұнда келген сайын өзіме жаңалық ашамын. Білген сайын, өзімді өте маңызды дүниенің бөлігі сезінемін. Өйткені адамдарға өз өлкемнің тарихын айтамын. "Шымқала" қаламыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы", - деді Қалыбаев.

Археологтар осы күнге дейін маңызды жаңалықтар ашып келген еліміздегі бірегей жер туралы сюжетте баяндаймыз. Онда Chevrolet Damas жеңіл жүк көлігімен барамыз. Бизнеске бұдан ыңғайлы көлік табу қиын: үнемді және энергосыйымды, ол қала ішінде, тіпті ең тар көшелерде де оңай маневр жасай алады.

Еске салайық, "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасының әр бөлімінде ел мақтанышы саналатын ең көрікті жерлер мен нысандар баяндалады. Ал әр нысанға еліміздегі танымал Chevrolet автомобиль брендінің модельдерінің бірі барады. Алғашқы шығарылым сәулет өнерінің жауһары - Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналды. Кейіпкерлер ол жерге жайлы Chevrolet Malibu седанымен барды. Ал екінші шығарылымда Асы-Түрген обсерваториясы туралы айтылды. Күрделі, тік жолдарға қарамастан, біз бұл жерге қуатты Chevrolet Equinox кроссовері арқасында жеттік. Үшінші шығарылымда еліміздің астанасы туралы, дәлірек айтсақ, оны кім және қалай жобалағаны туралы айттық. Қалаға ыңғайлы Chevrolet Traverse кроссоверімен бардық. Төртінші шығарылым - "Бурабай" ұлттық табиғи саябағы туралы, онда Chevrolet Traverse көлігімен бардық. Бесінші шығарылымда "Медеу" мұзайдынындағы мұз өңдеушінің ерекше кәсібі туралы айттық, онда жайлы Chevrolet Tracker кроссовері оңай көтерілді.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети