30 маусым 2020 13:08

Шымкент әкімінің бес орынбасарының төртеуі ауырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімінің бес орынбасарының төртеуі ем алып жатыр, олардың екеуі пневмониядан емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент әкімінің бес орынбасарының төртеуі ем алып жатыр, олардың екеуі пневмониядан емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта басшылықта қала әкімі Мұрат Әйтенов пен оның бір орынбасары ғана бар.

"Екі орынбасары пневмониядан емделіп жатыр, ал екеуі басқа медициналық көрсеткіштер бойынша ауруханаға түседі. Басшылықта әкімнің бесінші орынбасары Бауыржан Мамыталиев қалды. Әкім Мұрат Әйтеновтің өзі екі апта қашықтан жұмыс істегеннен кейін қайтадан тест тапсырды, өйткені бұған дейін ол коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болған. Әкімде тест теріс нәтиже көрсетті, енді ол қызметіне оралды, әкімдік ғимаратында жұмыс істейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

39 жастағы Мұрат Әйтенов (сол жақта) Шымкент қаласының әкімі болып 2020 жылдың қаңтарында тағайындалды. Оның орынбасары 45 жастағы Бауыржан Мамытбеков (оң жақта) - құрылыс, жер қатынастары және сәулет салаларына жетекшілік етеді.

Денсаулық жағдайына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз болғандар - әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр және әкімнің орынбасары Алмасбек Мамытбеков. Олардан пневмония анықталған.

47 жастағы Ербол Садыр (сол жақта) Шымкент қаласының әкімдігінде денсаулық сақтау және кәсіпкерлік ісіне жетекшілік етеді. Ал 51 жастағы Алмасбек Мамытбеков (оң жақта) әкімнің идеология жөніндегі орынбасары.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарлары Мақсұт Исахов пен Нұрсадық Ергешбек ем алып жатыр. Осыған байланысты олар ауруханада жатыр.

46 жастағы Мақсұт Исахов (сол жақта) көлік және спорт басқармасына жетекшілік етеді. Ал 48 жастағы Нұрсадық Ергешбек (оң жақта) тұрғын үй саласында қызмет етеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети