19 тамыз 2015 11:22

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабибулла Әбдрахимов. ©Twitter.com Ғабибулла Әбдрахимов. ©Twitter.com

Ғабибулла Әбдрахимов Шымкент қаласына әкім болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғабибулла Әбдрахимов Шымкент қаласына әкім болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың бұрынғы әкімі Дархан Сатыпалды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне келді. Еске салайық, облыс басшысы 8 тамызда ауысқан болатын. Бүгін Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметінде баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Ғабибулла Әбдрахманов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітіріп, мемлекеттік басқарманың неміс жоғары мектебін аяқтады, "Болашақ" бағдарламасы бойынша, мемлекеттік әкімшілік магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін біледі. 

Әбдрахимов Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, республика премьер-министрінің кеңсесінде жұмыс істеді. Ал 2013 жылдан бері Президент Әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары болып келді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети