03 қазан 2023 15:22

Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Қытайға мұнай мен газ экспорттау. Тоқаев CNPC басшысымен не туралы сөйлесті?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы CNPC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дай Хоулянға көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтып, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу – Бозой – Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сондай-ақ Қазақстан мұнайының ҚХР-ға экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелер қарастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети