08 ақпан 2019 15:12

Шымкент полицейлері белгілі хирургтің өлім себебін анықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәди Биғалиев. © bsmp-uko.kz Мәди Биғалиев. © bsmp-uko.kz

Полицейлер Шымкент қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері, белгілі хирург Мәди Биғалиевтің өлім себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицейлер Шымкент қаласының 60-65 жастағы тұрғынының денесі табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", -деп хабарлады полицейлер.

Otyrar.kz басылымының мәліметінше, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Шымкентте және Түркістан облысында трансплантология негізін қалаған Мәди Биғалиев 62 жасында дүниеден өтті.

Хирург 37 жылда 10 мыңнан аса күрделі ота жасаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети