24 маусым 2020 18:37

Шымкент: провизорлық стационарларда төсек орны мен дәрі-дәрмек жеткілікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметі күшейіп, 100 бригада толықтай жұмыс істеуде. Нәтижесінде соңғы кездері шақырту бір тәулікте 1850-ге жеткен. Бірақ аталған медициналық шақыртулардың басым бөлігі - ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) және пневмониямен ауырған науқастар. Бұл бойынша бір күнде 129 науқас қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы жағдайға байланысты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тікелей тапсырмасымен алдын ала карантиндік және провизорлы стационарлардың жұмысы күшейтілуде. Яғни, қосымша 650 төсек-орын алынған. Оған қоса реабилитацияға қосымша 100 төсек орны жаңадан жайғастырылған. Сонымен қатар, карантиндік стационар болған екі нысанды 380 төсек орны провизорлы стационар қылып қосқан. Бұдан бөлек, тағы 1500 төсек орны дайындалу үстінде. Айта кетейік, провизорлы стационарларда емдеу шаралары кезінде үш топқа бөліп, арнайы алгоритм жасалынған.

Бүгінде қаламызда пневмониямен (өкпе қабынуы) ауырған науқастар саны 7,2 пайызға өскен. Мұны ауыздықтау үшін қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Садыр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында тілге тиек етті. Оның айтуынша, қала әкімінің тапсырмасымен қосымша ғимараттар ашылады.

Бұл ретте өкпені жасанды желдету аппараты жөнінде айта кеткеніміз дұрыс. Яғни, қалада инфекциялық аурулардың алдын алуға байланысты жергілікті бюджеттен 25 жасанды тыныс алдыру(өкпенің жасанды желдету аппараты) аппараты алынған. Бүгінде жалпы 301 жасанды тыныс алдыру аппараты бар. Сонымен қатар, жатақханаларда демеушілердің көмегімен осындай 6 аппарат қойылған. Және демеушілердің тағы бір көмегімен кислородпен демалатын 100 Боброва аппараты алынып жатыр. Ал провизорлы стационарларда дәрі-дәрмектің барлығы толық жеткілікті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети