08 қыркүйек 2021 17:45

Шымкент тұрғыны мектепте "тегін" оқитындар кемсітуге ұшырағанын мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент тұрғыны қала мектептерінің бірінде оқушыларды "ақылы" және "тегін" оқитындар деп бөлетіндеріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент тұрғыны қала мектептерінің бірінде оқушыларды "ақылы" және "тегін" оқитындар деп бөлетіндеріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласының тұрғыны Аягөз Бегалықызы әлеуметтік желілерде ұлы мен қызы оқитын Al-Farabi academialyq mekteb жеке мектебіне шағымданды. Ол ұлы мен қызын Нұрсәт ықшамауданындағы №80 мемлекеттік мектептен биыл ауыстырған. Мектеп бұрынғы тойхананың ғимаратында орналасқан.

Аягөздің айтуынша, ата-анаға шетелдік мұғалімдерден қосымша сабақ алу үшін ақы төлеу керек екенін бірден айтқан. Алайда оқу жылы басталғаннан кейін баласы мектепте бюджет есебінен оқитын оқушыларға нашар жағдай жасалғанын айтқан. Бюджтетте оқитын оқушылар терезелері жоқ, тек кішкене саңылаулары бар тар сыныпта оқиды. Мектептің спорт залы жертөледе орналасқан. Ал ақылы бөлімде оқитын оқушылар көшеде, таза ауада сабақ өткізеді.

"Екі асхана бар. Яғни, бір бөлме ортасынан бөлінген. Бір жағынан "тегін" оқитындар, екінші жағынан "ақылы" оқитындар тамақтанады. Тегін оқитын балалардың асханасында тек самса, бәліш және су бар. Бір күні Айша 500 теңгеге 0,5 минералды су мен самса сатып алғанын айтты. Үстелдерге дастархан төселмейді. Ал "ақылы" оқитындардың асханасында ыстық тағамдар сатылады, 500 теңгеге таңдауы бойынша бірінші және екінші тағам және нан мен компот қосып береді", - деді Аягөз Бегалықызы өз жазбасында.

Сондай-ақ, ата-ананың айтуынша, бюджет есебінен оқитын оқушыларға арналған дәретханалар дұрыс тазаланбайды, үнемі жағымсыз иіс шығып тұрады, сынған раковина және бар болғаны екі унитаз бар. Ал "ақылы" оқитындардың дәретханалары таза, ұқыпты, санитарлық керек-жарақтардың бәрі бар. Ата-ананың айтуынша, ақылы оқу бағасы айына 100 мың теңге, тек осы қаражат үшін ғана оқушыларға қолайлы жағдай жасалады.

Тұрғынның шағымынан кейін Шымкент қаласының білім басқармасы Al-Farabi academialyq mekteb тексерілген Мектепке басқарма басшысы бастаған комиссия барған. Видеодан кабинеттердің оқу орнына қарағанда салтанат залына көбірек ұқсайтынын көрсе болады. Оқушылардың кабинеттері кішкентай, терезелері арнайы дизайнмен жасалғандай.

Басқарма мәліметінше, мектеп білім беру қызметін 2020 жылғы 28 тамыздағы №KZ45LAA00018694 лицензияның, 2020 жылғы 25 тамыздағы №2020-1800/1402/РО-20-02442 хаттамаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысының негізінде жүргізеді.

Мектепте 1 500 орын бар. Онда бюджетте 1 386 оқушы оқиды. Ақылы негізде барлығы 20 оқушы оқиды.

"Балалар арасында кемсіту жоқ. Мектеп ғимаратында 48 оқу кабинеті бар. Барлық оқу кабинеттерде желдеткіш қойылған, терезелер бар. Мектеп ауласында спорт алаңы бар. Сонымен қатар, бірінші қабатта спорттық үйірмелерге арналған қосымша спорт залы бар. Білім басқармасы тарапынан Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне спортзалдың сәйкестігін анықтау жөнінде хат жолданды", - деді басқарма өкілі.

Әкімдік мәліметі бойынша, асхана бөлінбейді, ортақ. Асханада оқушылар қалаған тағамдарға тапсырыс бере алатын ас мәзірі бар. Сонымен қатар, егер ата-ана бір ай бұрын тамақ ақысын төлесе, оқушыларға күніне үш рет тамақ береді.

Басқармада дәретханалар санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес келеті айтылды. Әр қабатта 12 унитаз, барлығы 48 унитаз бар. Жуынатын бөлмелерде проблемалар жоқ.

Сондай-ақ, басқарма Аягөз Бегалықызының дәлелдерімен келіспейтінін айтты. Мектеп басшылығы жалған ақпарат үшін сотқа шағым беруге ниетті. Сондай-ақ, бұдан былай мектеп жұмысы білім басқармасының бақылауында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети