16 сәуір 2020 13:38

Шымкентте 1 миллион маска таратыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 1 миллион маска таратыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасап.


Шымкентте 1 миллион маска таратыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасап.

Штаб мәліметінше, елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Birgemiz республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі.

Осы игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі "СҚ-Фармация" үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетперделерді тегін тарату үшін 5 миллион бетперде сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын.

"Қаламызға күні кеше келіп жеткен 1 миллион бетпердені халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға жеткізіп беру мақсатында бүгін Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері  гуманитарлық автокеруенмен Қайнарбұлақ елдімекеніне ат басын тіреді. Партия белсенділері, "Жас Отан" жастар қанаты мүшелері және еріктілер елдімекендегі 200 отбасыға 50 данадан медициналық бетперде үлестірді", - делінген штабтың хабарламасында.

Айта кетсек, алдағы бес күн ішінде барлық бетперделерді жалпы саны 20 мың отбасыға бөліп беру жоспарланып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети