Шымкент тұрғыны такси көлігін талқандап тастаған. Әлеуметтік желіде ашулы тұрғынның видеосы тарады. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадрларында қызыл белдемше киген жалаң аяқ қыз тұрақта тұрған такси терезесіне ауыр кірпіш лақтырып жатқаны көрінеді.
Мұндай әрекетке не себеп болғаны белгісіз.
Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, видеодағы қызға қатысты бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және сараптама нәтижелері бойынша шешім қабылданады", - деді полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!