13 мамыр 2022 09:40

Шымкентте бес баласы бар 35 жастағы ана үшем босанды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oinet.kz © oinet.kz

Шымкентте 35 жастағы әйел үшем босанды. Жаңа туған сәбилер мен босанған әйел қалалық перинаталдық орталықтан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте 35 жастағы әйел үшем босанды. Жаңа туған сәбилер мен босанған әйел қалалық перинаталдық орталықтан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үшем - Айсұлтан, Әлия және София 24 сәуірде дүниеге келген. Анасы Гүлмира Юсупованы тағы бес баласы үйінде асыға күтіп отыр.

"Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен алғыс айтамын, дәрігерлері керемет! Жүктілік мерзімі өте қиын болған жоқ, шағымданбаймын. Құдайға шүкір, жолдасым мен енем жанымда болды. Қазір үйде бүкіл отбасым күтіп отыр, өте қуаныштымын! Болашақта тағы балаларым болады деп ойлаймын", - деп бөлісті Гүлмира.

Қазір сәбилердің жағдайы тұрақты. Айсұлтан, Әлия және София жүктіліктің 35-аптасында дүниеге келген. Туған кезде сәбилердің салмағы екі келіден асса, бойы 40-42 сантиметр болған. Гүлмира кесар тілігі арқылы босанған, ота оңай болған жоқ, деп еске алады дәрігерлер.

Бұл Шымкентте биыл дүниеге келген алғашқы үшем. Гүлмира Юсупова перинаталдық орталықтың бас дәрігерінен естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети