18 қаңтар 2020 18:40

Шымкентте дәрігерлер 15 күндік сәбиді клиникалық өлімнен аман алып қалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте дәрігерлер шөлмектегі қоспаны ішіп жатып шашалып қалған сәбиді өмірге қайтарды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте дәрігерлер шөлмектегі қоспаны ішіп жатып шашалып қалған сәбиді өмірге қайтарды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 қаңтарда сағат 00.59-да жедел медициналық жәрдемге 15 күндік нәрестеге шақырту келіп түскен. ЖМК бригадасы 12 минута үйге жетіп, баланы бірден тексеруге кіріскен.

Кішкентай пациент ессіз болған, пульс жоқ, тыныс алмайды, клиникалық өлім анықталды. Әкенің айтуынша, баланы шөлмек арқылы қоспамен тамақтандырғанда ол тұншығып, дем ала алмай қалған. "Дәрігер мен фельдшер дереу реанимациялық шараларды жүргізе бастады. Нәтижесінде екі минут өткен соң бала есін жиды, тыныс алуы және пульсі қалпына келді, сондай-ақ жүрек қағысы дұрысталды. Жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін нәресте әрі қарай тексеріліп, емделуі үшін Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Осыған ұқсас жағдайды бірнеше күн бұрын басқа жедел жәрдем басынан кешкен. 13 қаңтарда 103 пультіне 15 күндік балаға шақыру түсті. Анасы перзентін емізіп отырғанда баланың аузы-мұрынынан сүт ағып жатқанын және тыныс алмай тұрғанын байқаған. Дәрігерлер жеткен кезде науқастың жағдайы ауыр болған, клиникалық өлім анықталды. Реанимация басталғаннан үш минут өткеннен кейін баланың жүрек қағысы, тынысы мен пульсі қалпына келтірілді. Кейін бала жақын жердегі стационарға - № 2 Облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети