04 наурыз 2023 08:38

Шымкентте ер адам күзетшіні "қарға отырма" дегені үшін аяусыз ұрып-соққан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте белгісіз ер адам күзетшіні аяусыз ұрып-соққан. Полиция департаментінің барлық жеке құрамы оны іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте белгісіз ер адам күзетшіні аяусыз ұрып-соққан. Полиция департаментінің барлық жеке құрамы оны іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының парақшасында жазба жарияланды. Оқиғаны 1954 жылы туған ер адамның қызы айтып берген.

"2022 жылғы 5 желтоқсанда таңғы 5-те белгісіз ер адам әкемді ұрып тастады. Ер адам мас және өте агрессивті болды. Әуелі ол әкем күзетші болып жұмыс істейтін будканың жанына құлаған. Ол құлап, түсініксіз бірдеңелерді айтып жатқанда әкем оған шығып: "Балам, қарға отырмаң, мұнда, қар жоқ жерге кел" деді. Ол әкемді боқтап, жүгіріп барып "Сен, не, маған қайда отыру керегін үйретесің бе" деген.

Әкем будкаға қарай қашқан, бірақ есікті жауып үлгермеген. Ол қуып жетіп, әкемді ұра бастаған, оны көшеге шығарып, жерге жатқызып, үстіне шығып алып басынан және бетінен жұдырықпен ұрған, содан кейін басынан және қабырғасынан тепкен. Әкем есінен танып қалған, бірақ ол доғармастан, әкемді аяусыз тепкілеп, ұрып-соққан, содан кейін кетіп қалған", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NemolchiKZ_Official (@nemolchikz_official)

Қордың мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккен адамға жарақат бойынша көп диагноз қойған.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша әл-Фараби ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Полиция департаментінің барлық жеке құрамы күдіктіні іздеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети