25 шілде 2020 12:08

Шымкентте жалпықалалық дезинфекция жұмыстары жүргізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жалпықалалық дезинфекция жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте жалпықалалық дезинфекция жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Шымкентте қала әкімі М.Әйтеновтың бастамасымен жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Дезинфекциялау жұмыстарына барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылды.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданы - 7, Әл-Фараби ауданы - 6, Еңбекші ауданы - 7, Қаратау ауданы - 7 техника дезинфекция жұмысын атқарып жатыр.

Сонымен қатар, орталық көшелерді арнайы мандандырылған мекемелер техникалармен, ал демалыс орындары,көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ойын алаңшалары, ішкіорамдық көшелерді әскери қызметшілер мен сервистік мекеме жұмысшылары су бүріккіш жабдықтармен залалсыздандыруда.

Аталған іс-шарда жалпы 2 000 астам көше, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары (саябақ, гүлзарлар) және 2171 көп қабатты үй аулалары толығымен қамтылады.

Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети