01 маусым 2022 15:18

Шымкентте жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бес адамға үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: mk-kz.kz Фото: mk-kz.kz

Шымкентте жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бес адамға үкім шықты, - деп хабарлайды OTYRAR.


Шымкентте жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бес адамға үкім шықты, - деп хабарлайды OTYRAR.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан бес адам 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы қалалық соттың ресми сайтында хабарланды.

Оларға қатысты ҚР ҚК 272–бабының екі тармағы (Биліктің заңды талаптарына бағынбауға, жаппай тәртіпсіздіктерге және азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Іс прокурордың, сотталушылардың және адвокаттардың қатысуымен қысқартылған ашық сот отырысында қаралды.

Сот айыпталушылардың 2022 жылдың қаңтарында зорлық-зомбылық, өрт қою және атыс шығару қылмыстарына барғанын анықтаған. Олардың үшеуі қалалық әкімдік ғимаратына шабуыл жасауға қатысқаны да белгілі болды.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп тапты. Барлық айыпталушылар 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети