17 тамыз 2017 | 12:43

Шымкентте жұмысшыларды қаққан жігіт ертесі күні босап шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментіндегілер BMW көлігінің 21 жастағы жүргізушісі жасаған жол апатына қатысты түсінік берді. Еске сала кетейік, жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен еді. ІІД өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне BMW жүргізушісіне қатысты істің 2017 жылдың 15 ақпанында тоқтатылғанын айтты. Ол өз кінәсін 2017 жылдың 14 ақпанында мойындаған болатын.

Иконка комментария блок соц сети

© Otyrar.kz

Жол-көлік оқиғасы 2016 жылдың 13 тамызында болған. Жол апатының салдаынан жылу жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар зардап шегіп, біреуі сол жерде көз жұмған еді. Ал BMW жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған болатын. 2016 жылдың 28 тамызында оған халықаралық іздеу жарияланды. 

© Otyrar.kz

"Биыл 14 ақпанда ол адвокатымен бірге келіп, кінәсін мойындады. Күдіктінің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және 347-бабы "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" ретінде тіркелді", - деді ІІД өкілдері.

Полициядағылардың мәліметінше, оның жасаған қылмысы орта деңгейдегі қылмысқа жатады.

"Абайсыз істелген қылмыс, адам өлтіру емес. Сондықтан да ол орта деңгейдегі қылмысқа жатады. 1996 жылғы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс 2017 жылдың 15 ақпанында тоқтатылды. Шешім Шымкент прокуратурасына тексеріске жіберіліп, прокуратура өкілдері бұл шешіммен келісті", - деді ОҚО ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері қаза тапқан жұмысшы мен зардап шеккендердің туыстарының жүргізушіге ешқандай шағымдары жоқ екенін айтып өтті.

Еске сала кетейік, осыған дейін жұмысшыларды қағып кетіп, жол апаты болған жерден жасырынған шымкенттікке рақымшылық жасалғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети