17 тамыз 2017 10:07

Жұмысшыларды қағып кетіп, жол апаты болған жерден жасырынған шымкенттікке рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© motor.kz © motor.kz

Шымкентте бір жұмысшы қаза тауып, үш адам зардап шеккен атышулы жол апатына кінәлі жүргізуші рақымшылықпен босап шықты, - деп хабарлайды Motor.kz.


Шымкентте бір жұмысшы қаза тауып, үш адам зардап шеккен атышулы жол апатына кінәлі жүргізуші рақымшылықпен босап шықты, - деп хабарлайды Motor.kz.

Шымкентте осыдан бір жыл бұрын ер адам BMW тізгінінде келе жатып, жылу жолдарына жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жұмысшыларды қағып кеткен болатын. Салдарынан үш адам жарақат алып, тағы бір адам оқиға орнында көз жұмған еді. Полицейлер жүргізушінің кім екенін келесі күні-ақ анықтады. Онымен қоса, Исмайл Сүлеймен есімді жүргізуші жол апаты болған жерден жасырынған болатын. Оған бірден іздеу жариялаып, бір аптадан соң оның Қазақстаннан кетіп қалғаны белгілі болған еді. БАҚ мәліметінше, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты 21 жастағы Исмаил Сүлейменге сырттай шешім шығарғаны айтылады. Басылымның мәліметінше, ер адам полицияға өзі келіп, кінәсін мойындаған. Ер адамның айтуынша, ол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде тоқтап үлгермей, жүріп кете берген.

"Бұл ер адамды айыптамауға болатын үлкен себеп. Сондықтан да Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық енгізген болатын. Исмаил Сүлейменге де рақымшылық жасалып отыр", - деп жазады Motor.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети