25 мамыр 2020 16:13

Шымкентте карантин 8 маусымға дейін ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалада инфекцияның таралуын тоқтату Сіздер мен Бізге тікелей байланысты! Елімізде төтенше жағдай тоқтатылғаны, карантиндік шектеулер алынады деген сөз емес. Соңғы күндері тұрғындардың карантинге салғырт қарауынан вирустың таралуы күрт артты. 25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған азаматтар саны 606-ға жеткен.

Оның ішінде 218 науқас емделіп шықса, 6 адам өкінішке орай қайтыс болды. Қалада 18-24 мамыр аралығында күніне орташа 31-50 адамнан тіркелді. Ал өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу  36 жаңа жағдайды анықтады, тәуліктегі өсімі 6,3 пайыз болды", - деді Әйтенов.

Шаһар басшысының мәлімдеуінше, COVID-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер болса, 359-ы науқастармен қатынаста болғандар, ал 225-і жергілікті  жерден шыққан. Барлығы қалада 260 карантиндік ошақтар тіркелген. Бүгінгі күнге 132–і бақылауда.

Соңғы күндердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулерді жеңілдету уақытша тоқтатылғанын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы қалада санитарлық тексеру жұмыстары күшейтіліп 4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Тексеру қорытындысы бойынша 127 әкімшілік шара көрілген.

Айта кетейік, бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 18 мамырда шектеулер алынуы жоспарланған, қоғамдық тамақтандыру орындары, діни нысандар, балабақшалар, фитнес орталықтар, білім үйірмелері ашылмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети