19 ақпан 2021 14:08

Шымкентте карантин 8 наурызға дейін созылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің "Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысы жарияланды. Шымкентте карантин 22 ақпаннан 8 наурызға дейін ұзартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде, еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да -шараларды өткізуге тыйым салынады.

Қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектеледі. Шымкент қаласының тұрғындарына екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау және маска тағу ұсынылды.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети