29 маусым 2020 14:22

Шымкентте карантин шаралары күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Шымкентте эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір Шымкент қаласында тек коронавирус емес, ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) мен пневмония өршіп тұр. Осы жағдайға байланысты 2020 жылғы 23 маусымынан бастап шектеу шаралары күшейтілді.

  1. Базарлардың жұмыс кестесі таңертең сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары), ал көтерме сауда базарлары сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектелді;
  2.  Барлық сауда нысандарының (ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер және т.б.) жұмысы 10:00-ден 18:00-ге дейін, ал жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендері сағат 21:00-ге дейін шектелді;
  3. Әлеуметтік арақашықтықты және санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал донер, лаваш орталықтары, құйылатын сусындар мен балмұздақтар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді;
  4. Онлайн режимінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда Жұмыспен қамту және Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңертең сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.
  5. Қоғамдық көліктер дезинфекциялық шараларды жалғастыра отырып, жұмыс режимі таңертең сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін шектелді;
  6. Жұмыс күндері қызмет көрсетуге рұқсат етілген барлық объектілердің (қызмет көрсету саласында соның ішінде фитнес, моншалар, сауналар, SPA – салондары және сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, тағы басқа сату дүңгіршектері, қаржы саласында) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді. Демалыс күндері жұмыс тоқтатылды.

Карантин шараларының орындалауын тиісті сала мамандарымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шахарға қарасты адам шоғыры көп орындардың бірі базарлардың жұмыс кестесіне сай таңертең сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары), ал көтерме сауда базарлары сағат 05:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеуін қадағалап, рейд шараларын үздіксіз ұйымдастырып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети