05 қаңтар 2023 08:59

Шымкентте кесір тілігімен босанған келіншек комада жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте кесір тілігімен босанған келіншек төрт айдан бері комада жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер парақшасында жазба жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте кесір тілігімен босанған келіншек төрт айдан бері комада жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер парақшасында жазба жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 қыркүйекте жас келіншек Батыржанова Луиза перзентханаға босануға барған. Жүктілік кезінде денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған келіншек, перзентханаға да өз аяғымен келіп, толғағы жеңіл өткен. Бірақ оған белгісіз себептермен шұғыл кесір тілігі жасалған. Туыстары кейін оның комада жатқанын білген. Бір қызығы, наркоз жасаған анестезиолог сол күні жұмыстан шығып кеткен", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от _volontery_shymkent_LIDER.KZ (@_volontery_shymkent_lider.kz)

Еріктілердің мәліметінше, босанған әйел перзентханада үш ай жатып, кейін оны ауруханаға ауыстырған. Дәрігерлер ауруханада ес-түссіз екі апта жатқан келіншекті енді үйіне шығармақ.

"Олар менің әйелімді осы күйінде ауруханадан шығармақ. Қалай? Егер кешегідей бүкіл қалада жарық сөніп қалса, ол бір күн де ​​өмір сүрмейді ғой", - дейді науқастың күйеуі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от _volontery_shymkent_LIDER.KZ (@_volontery_shymkent_lider.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети