17 сәуір 2020 16:58

Шымкентте коронавирус жұқтырған бір отбасынан 9 адам үйіне шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте коронавирус жұқтырған бір отбасынан 9 адам үйіне шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасап.


Шымкентте коронавирус жұқтырған бір отбасынан 9 адам үйіне шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.

"Дертінен сауыққандар - 2 бала, олардың біреуі - 1 жасқа дейінгі бала, жетеуі - ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетті, денсаулық жағдайлары жақсарған", - деді Бекбауова.                                       

Айта кетейік, аурудан сауығып шыққан науқастар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында емделді.

 Осыған байланысты Шымкентте карантин 3 ошақтан алынады. Олар: Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети