Шымкенттегі тұрғын алаптардың бірінде орналасқан жеке қойма аумағында ірі өрт шықты. Төгілген мұнай мен резеңке бұйымдар жанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Шымкенттегі тұрғын алаптардың бірінде орналасқан жеке қойма аумағында ірі өрт шықты. Төгілген мұнай мен резеңке бұйымдар жанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Өрт Шымкенттің Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан қойма аумағында шықты.

"Қойма ғимараттарының шатыры, жүк көлігінен төгілген дизель отыны және нысан аумағында сақталған резеңке бұйымдар жанған. Өрт ошағына жақын жерде дизель отынымен толтырылған жүк көлігі тұрған", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Екеуі де күйік алып, ауруханаға жатқызылды.

Өртті 56 өртсөндіруші 30 техника көмегімен сөндірді. Сондай-ақ оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істеді.
Өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ.
Еске сала кетейік, 21 маусымда Астанада өртсөндірушілер Сарыарқа ауданына шұғыл аттанды. Кенжин көшесінің бойында жиналған қоқыс пен резеңке-техникалық бұйымдар өртенді.