Шымкентте құрылыс нормалары сақталмаған нысан иелеріне ескерту жасалды

17 Қараша 2015, 17:32
0
Шымкентте құрылыс нормалары сақталмаған нысан иелеріне ескерту жасалды - © Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте мемлекеттік құрылыс нормалары мен талаптары сақталмай, заңсыз салынған құрылыс нысандарын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін арнайы жұмыс тобы қаланың Бәйдібек би даңғылы бойында құрылыс құжаттары жоқ, қызыл сызыққа өтіп кеткен нысандарды аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Қалалық ішкі істер басқармасының анықтауымен Шымкент аумағында мемлекеттік құрылыс нормалары мен талаптарын сақтамай, заңсыз жүргізілген 196 құрылыс нысаны тексеріліп, 106 нысанға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде заңсыз салынған 30 үйді бұзу үшін іс құжаттары сотқа жолданды. Қазіргі кезде 63 нысан иелеріне нұсқау беріліп, 20-сы тексеріліп жатыр", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, рейдтік шараға қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының жауапты қызметкерлері қатысты. Сала мамандары нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай