25 қазан 2022 09:20

Шымкентте ресейліктер қонақжай тұрғындарға алғыс ретінде сенбілік ұйымдастырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қалаға келген ресейліктер тұрғындардың қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, жаппай сенбілік ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Шымкентте қалаға келген ресейліктер тұрғындардың қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, жаппай сенбілік ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Республика күні қарсаңында Ресейдегі мобилизациядан қашып келген орыстар мен басқа себептермен елге келгендер - барлығы 40-қа жуық адам жиналып, қолдарына сыпырғыш, тырма, күрек алып, Дендропаркте жаппай сенбілік ұйымдастырған.

Тазалық акциясына қатысқан ресейліктердің негізгі бөлігі 25-35 жас аралығындағы ер адамдар, алайда араларында әйелдер мен тіпті кішкентай балалар да бар. Олар саябақты қоқыстан, жерге түскен жапырақтардан тазартқан.

Мұндай көмек үшін шымкенттіктер қонақтарға алғыстарын білдірді, деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети