07 наурыз 2023 18:27

Шымкентте Sen атты жас әйелдер форумы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отбасы институты, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығына айналып отыр. Бұл туралы Шымкентте өткен SEN 1-ші қазақстандық жас әйелдер форумының ашылуында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.


Отбасы институты, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығына айналып отыр. Бұл туралы Шымкентте өткен SEN 1-ші қазақстандық жас әйелдер форумының ашылуында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған форумның мақсаты – әйелдерді, қыз-келіншектерді өмірде табысқа жетуге ұмтылдыру. Форум ұйымдастырушылары "Өзіңе сен, отбасыңа сен, еліңе сен – сенің қолыңнан бәрі келеді!" деген ойды жастарға жеткізуді көздейді.

"Қазақ қыздарының тарихта қалдырған ізі аз емес. Осындай ардақты аруларымыздың даңқты жолын сіздер абыроймен жалғап келесіздер", – деп Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкентте әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге кеңінен жол ашылғанын айтты.

Айта кетейік, форум қатысушыларының арасында "Бизнес инкубатор" байқауының жеңімпаздары, "Атамекен", "Даму" корпорациясының грант иегерлері, өзінің отбасылық бизнесін бастаған көпбалалы аналар бар. Өз кезегінде табысты, іскер әйелдер өзін өзі дамыту, қаржыны басқару, денсаулықты күту мен жеке өмірге қатысты пайдалы кеңестерін бөлісті.

Форума спикерлерінің қатарында Меруерт Өтекешева, Майра Мұхамедқызы, Ләйлә Сұлтанқызы, Арайлым Әуелбекова, Ханзада Есенова, Айка Алеми, Жания Дабыр сияқты көшбасшы әйелдер бар.

Форумның арнайы қонағы – Сколково Мәскеу басқару мектебінің проректоры, әйелдер бағдарламаларының директоры Марина Карбан қатысушылармен онлайн режимде тілдесіп, қазақстандық қыз-келіншектерге сәттілік тіледі.

Бұл форумға қатысушылар жыл бойы спикерлермен тұрақты қарым-қатынас орнатып, үздік шыққан жастар Мәскеудегі Сколковоға шеберлік сыныптарына жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Шымкент қаласы ІСБ
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети