07 қараша 2019 09:13

Шымкентте уланып қайтыс болған балалардың ата-анасы оқиғаны айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Шымкентте уланып қайтыс болған балалардың ата-анасы оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Шымкентте уланып қайтыс болған балалардың ата-анасы оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, отбасы жедел жәрдемнен бастап, жұқпалы аурулар ауруханасы мен оттегімен емдейтін дәрігерлерге де ашулы. 

Қос ұлынан бір мезетте айырылған Артық Тасболатов пен Арайлым Ботаева балаларының суретіне қараумен күндері өтіп жатыр. Жылай-жылай, көз жасы таусылған ата-ана өздерінің неден уланғанын білмейді. Жұма күні кешкісін отбасы дүкеннен алынған тұшпараны түгел жеген болатын. Сенбі күні оның қалғанын ысытып ішіпті. Сол күні кешкісін бастапқыда қызы ауырып, артынан екі ұлы мен әке-шешенің өзі де мазасызданған. Ал сол асты ішпеген балдызы ауырмапты. "Газдан улануымыз мүмкін емес" деп отыр отағасы.

"Бір жерлерде жазып жатыр екен, "анасы айтыпты, екі күн газ ашылып қалып кеткен" деп, ол мүлдем шындыққа жанаспайды. Екі күн газ ашық тұрса, бұл жерде жарылыс болатын еді. Газдың иісін сезетін едік қой, біз де адам баласымыз. Енді әркім өз нәрестесін, кішкентай балдарды өлімге итермелемейді ғой. Екі кішкентайды қатты жақсы көретінбіз", - дейді марқұмдардың әкесі Артық Тасболатов.

Түні бойы өзі емделген отбасы ұл-қызының жағдайы нашарлай берген соң таңғы 9-да жедел жәрдем шақырып, жұқпалы аурулар ауруханасына барған. Ол жерде әр маман бір-біріне сілтеп жүргенде, төрт жасар ұлдары Аңсардан айырылдық дейді. Кейін 10 айлық Мирас беті бері қарамай жан тапсырған.

"Менің қолымда жатты, демалмай қалды ғой, мұздай боп, демалмай қалды. Иә, мына жерімде - қойнымда жатып кетіп қалды. Анау апаратты ашам дегенше екі минуттай өтті", - дейді анасы Арайлым Ботаева.

Шынында тұтас отбасының неден уланғанын құзырлы органдардың ешқайсынан білу мүмкін болмай тұр. Тасболатовтардың тоңазытқышындағы тағамның бәрін сараптамадан өткізіп жатқандар да, дәрігерлердің әрекетіне тексеру жүргізіп жатқандар да әзірге ештеңе демейді. Сараптаманың қортындысын күтіп отыр.

Шымкентте отбасы газдан уланған болуы мүмкін - министрлік

Еске салайық, 3 қарашада Шымкентте таңғы сағат 10-да әйел үш баласымен ауруханаға түскен болатын. Балаларға тамақтан уланды деген диагноз қойылған болатын. Бірақ кейінірек 2015 және 2018 жылғы балалардың қайтыс болғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети