11 қазан 2021 10:40

Шымкентте вакцина салуға болатын санаттағылардың 100 пайызы екпе алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент "жасыл" аймаққа өтті. Қалада вакцина салуға болатын санаттағы адамдардың 100 пайызы екпе алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Үшінші мегаполисте індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек-орындардың басым бөлігі қысқарды.

"Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 28 жағдайы тіркелді. Бүгінге 397 адам стационарда ем қабылдап жатыр. Төсек-орын 48 пайызға толы, 416 төсек-орын бос", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкент қаласы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша алғашқы 100 пайыз жоспарды орындады. Нақтырақ айтқанда, қалада вакцина салуға болатын 536 мың адам бар болса, оның барлығына екпе салынды. Бұған қоса бұл категорияға қосымша 60 мың адам қосылды.

Қазірде қала бойынша вакинаның I компонентін 536 000 адам, ІІ компонентін 454 848 адам салдырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети