11 қаңтар 2021 14:52

Шымкентте із-түссіз жоғалған келіншек Алматыдан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалған келіншекті Алматыдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалған келіншекті Алматыдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, 2020 жылдың 31 желтоқсанында Шымкент қаласының тұрғыны Айсұлу Бахтиярова жұмысқа кетіп, үйіне оралмаған.

Осы дерек бойынша Шымкент ҚПД Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы әріптестерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында із-түссіз жоғалған келіншекті 2021 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласынан тапты.

"Оның денсаулығына және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында оның отбасылық жанжалға байланысты кетіп қалғаны анықталды. 2021 жылдың 10 қаңтарында полицейлер оны Шымкентке әкеліп, жанұясына қайтарды. Өз кезегінде жергілікті тұрғын із-түссіз жоғалған жұбайын тауып бергені үшін полицейлерге алғысын жеткізді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети