21 тамыз 2023 12:01

Шымкенттегі арнайы операция: 43 кибералаяқ әшкереленді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Шымкентте полицейлер 43 кибералаяқты әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Шымкентте полицейлер 43 кибералаяқты әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, алаяқтар қылмыс жасау құралы ретінде қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды жиі пайдаланады. Ақпараттық жүйені пайдаланушының сеніміне қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғуға қатысты заңсыз әрекеттермен күресу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Hi-Tech" іс-шарасын өткізген.

Оған криминалдық полиция қызметкерлері, тергеушілер, анықтаушылар және жергілікті полиция қызметі жұмылдырылған. Арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды.

"Үш күннің қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен ЖПІШ барысында бұрын жасалған және тіркелген 43 интернет-алаяқтық анықталды. Осылайша, мегаполис полицейлері шымкенттік екі азаматты алдап, 1 миллион теңгеден астам ақшасын иемденген Түркістан облысының жас тұрғынын ұстады. Жәбірленушілер бұл туралы полицияға хабарлаған. Қала тұрғындарының айтуынша, оларға белгісіз біреу мобильді мессенджер арқылы хат жазған. Ол өзін сауда нүктесінің қызметкері ретінде таныстырып, тауар сатып алу үшін белгілі бір шотқа алдын ала төлемді аударуды сұраған", - делінген хабарламада.

Қылмыскер қазір қамауда отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети