Шымкентте уланған отбасы тұтынған тағамдарды тексерген санэпидемиологтар ажал астан емес деген тұжырымға келіп отыр. Үйдегі азық-түлік, тоңазытқыштағы тағамдар мен тіпті дүкендегі тұшпарасы бар, жалпы 30 түрлі затты зерттеген мамандар бірде-бір зиянды зат анықтай алмады. Бұл туралы КТК хабарлады.

"Тұшпарадан бір зиянды нормаға келмейтін, гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін зиянды нәрселер анықталған жоқ. Көміртек оксидтерінің уытты әсерлері деген ол, жаңағыдай, газдың әсерінен болған улану деген сөз. Сондай-ақ, сотмедициналық сараптаманың қорытындысын алдық. Ол жерде де "белгісіз затпен жедел улану" дейді. Тұтас отбасының улануына қатысты нақты қорытынды шықпаса да, мамандар бұған газ себепкер екеніне сенімді. Десе де, пәтер ішіндегі ауадан "зиянды металл анықталған жоқ", - дейді Алмат Қосалиев, Шымкент қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.
Ал уланған отбасына сапалы әрі дер кезінде көмек көрсетпеді деген арыз бойынша Шымкенттің төрт медицина ұйымы тексеріліп жатыр. Орынбаев клиникасының жекеменшік жедел жәрдемі мен токсикология бөлімі, жұқпалы аурулар ауруханасы мен 8-ші емханаға қатысты нақты қортынды екі аптадан соң айтылмақ.
Еске салсақ, 3 қарашада белгісіз заттан уланған отбасының 3 жасар және 10 айлық сәбидері шетінеген болатын. Өздері аман қалған ата-анасы дәрігерлерді дер кезінде көмектеспеді деп айыптаған-ды.
Дереккөз: КТК