Шымкенттегі жарылыс: қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі жарылыс: қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі? Фото: Шымкент ТЖД

Шымкенттегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пәшімов айтты, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пәшімов айтты, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оның сөзінше, оқиға салдарынан үш адам қаза тапты: 1979 жылы туған күзетші, 1980 жылы туған құрылысшы және шала туған нәресте.

"Қаза болған күзетші 3 ай бұрын ғана үйленген, жас отбасының несиесі бар. Түркістан облысының әкімдігі жерлеу қызметтерін көрсету бойынша барлық шығынды өз мойнына алады. Екінші марқұмның отбасына жұмыс берушінің ("АвтоРемСтрой" құрылыс компаниясы - авт.) есебінен материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Жарылыс кезінде бір нәресте қаза тапты. Бұл адамдар нақты неден қаза тапқаны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады", - деп түсіндірді Пәшімов.

Еске салайық, 22 мамырда таңертең Шымкенттегі перзентхана маңында ауруханааралық дәріхана жарылған. Шымкент полициясы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жарылыстан үш адам қаза болғаны хабарланған еді. 

Шымкенттегі жарылыстан кейін перзентхана мен дәріхана қандай жағдайда?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети