22 мамыр 2022 19:06

Шымкенттегі жарылыстан кейін перзентхана мен дәріхана қандай жағдайда?

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 мамырда Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Әкімдіктің мәліметінше, жарылыс газдың жиналу себебінен болған. Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі жарылыстан бір тәулік өткен соң перзентхана мен дәріхана қандай жағдайда екенін көрсетті.


21 мамырда Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Әкімдіктің мәліметінше, жарылыс газдың жиналу себебінен болған. Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі жарылыстан бір тәулік өткен соң перзентхана мен дәріхана қандай жағдайда екенін көрсетті.

Жарылыс болған ауруханааралық дәріхана аумағы.

Жарылыс болған жерден алыс емес жерде патрульдік полиция көлігі тұр, тәртіп сақшылары аумақтағы тәртіпті қадағалауға алған.

Жарылыс орнына жүк көліктері мен арнайы техника да келген.

Жарылған перзентхана мен ауруханааралық дәріхананың учаскесін жергілікті тұрғындар бақылап тұр. Олар әлі күнге дейін болған жағдайға сене алмай келеді. Тұрғындардың айтуынша, қайғылы оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен әкімдік қызметкерлері келіп, босанатын әйелдерді, балаларды және жергілікті тұрғындарды эвакуациялаған. 

Мына суреттен перинаталдық орталық пен дәріханаға жақындаған кезде ТЖД мен коммуналдық қызмет қызметкерлерінің аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанын байқауға болады.

Бұл - жарылған дәріхана. Жарылыс аумағынан ғимараттың сынықтарын, тұзды ерітінділердің қалдықтарын, сондай-ақ коммуналдық қызметкерлер жинаған қоқысты көре аласыз.

"Жасыл Жер" коммуналдық компаниясының қызметкерлері екінші күн қатарынан аумақты тазалап жатыр.

Жарылыстан кейінгі № 1 перинаталдық орталықтың аумағы

Қазір бұл бос тұр. Перзентхананың аумағында сынған терезелер мен жан-жаққа шашыраған кірпіштер тұр. 

 

Жарылыс салдарынан ғимарат ішінара құлаған. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД хабарлады. 

Айта кетейік, Шымкентте жарылыстан қаза тапқандар саны үшеуге жетті. Қаза болғандар ішінде перзентхана қызметкері де бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети