25 сәуір 2022 13:24

Шымкенттегі несиелік баспанаға қатысты жанжал: министр кінәлілерді жазалауды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Шымкентте "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуындағы жанжалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуындағы жанжалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде пәтер алу байқауында жеңімпаз атанған шымкенттік мемқызметкерлерге қатысты жағдай төңірегінде дау туды. Қолданушылар жеңімпаздар тізімінен аудан әкімі және оның туыстары, бөлім басшылары, ірі кәсіпкерлердің аты-жөнін тапқанын алға тартты. Сондай-ақ, олар байқауға қатысу құжаттары бірнеше секунд ішінде, кейде бір мезгілде тапсырылатынына да назар аударған.

Кейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдері Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің басшысы Алмаз Ыдырысовтан жағдайға қатысты пікір беруді сұрады. Олар қызмет үзіліспен жұмыс жасап, азаматтарға қолжетімсіз болған күні Шымкенттегі кейбір шенеуніктер "7-20-25" бағдарламасына қалай өтініш беріп үлгергені туралы пікір білдіруді сұрады.

"Себептерін түсіндіру үшін Шымкент қаласының әкімдігіне сауал жолдадық. Жалпы, несиелік қаражат есебінен салынып жатқан тұрғын үйлер несие бағдарламасының шарты бойынша "Отбасы банк" арқылы жүргізлуі тиіс екенін айтқымыз келеді. Шымкент қаласы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында конкурс өткізіп, "7-20-25" аясында пәтер беруі - бұл бағдарлама шарттарынан ауытқу. Қалалық әкімдікке шешімдерін қайта қарап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды ұсындық. Бұл мәселе бақылауда болады", - деді ол. 

Бұл оқиғаға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де пікір білдірді. Ведомство ИИДМ басшысының тапсырмасы бойынша құзырлы органдар кінәлі шенеуніктерді жауапкершілікке тарту мәселесін қарайды деп сендірді.

"Санкцияланбаған конкурс өткізу дерегі бойынша ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Шымкент қаласының әкімдігіне "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан несиелік тұрғын үйді беру тетігін түсіндіре отырып, хат жолдады", - делінген хабарламада.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, салынған несиелік тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтар мен салымшыларға кезең-кезеңімен "Отбасы банк" арқылы беріледі. Осыған байланысты әкімдік тұрғын үйді сату үшін осы банкпен қажетті келісім жасауы тиіс.

"ИИДМ заңнама шеңберінде әкімдіктің шешімін қайта қарау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның іс-қимылын қолданыстағы тұрғын үй бағдарламасының талаптарына сәйкес келтіру қажет екенін атап өтті. Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасына сәйкес құзырлы органдар кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады. Нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети