07 желтоқсан 2021 08:48

Шымкенттік әйел 29 жыл іздеген ұлын колониядан тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов Фото Тұрар Қазанғапов

Жастайынан тағдыр тәлкегіне түскен жігітті ата-анасының ажырасуына байланысты, жақындары бірін-бірі еске алуға мүлдем мүмкіндік бермеген көрінеді. Бірде түрмеге түскен сотталушы қызметкерлерден өзінің анасын табуға көмектесуін өтінген. Арада біраз уақыт өткеннен соң, жігіттің тілегі орындалды. 29 жылдан кейін анасы түрмеге келіп ұлымен жүздесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Жастайынан тағдыр тәлкегіне түскен жігітті ата-анасының ажырасуына байланысты, жақындары бірін-бірі еске алуға мүлдем мүмкіндік бермеген көрінеді. Бірде түрмеге түскен сотталушы қызметкерлерден өзінің анасын табуға көмектесуін өтінген. Арада біраз уақыт өткеннен соң, жігіттің тілегі орындалды. 29 жылдан кейін анасы түрмеге келіп ұлымен жүздесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Анасының басты тілегі, қиын сәтте қасынан табыла алмаған перзентінің кешірімін алу.

Otyrar.kz

Бұл азамат өмір бойы анасымен кездесуге дайындалған еді. Ол ата-анасы ажырасқанда өзінің 2 жаста болғанын айтады. Сондай-ақ, ол есейгенде анасын табуға барынша тырысқанын, алайда ешбір әрекеті нәтиже бермегенін айтады.

"Мен оны іздеп көрдім, бірақ ол туралы бірде-бір ақпаратты таба алмадым, туыстарым оны менен жасырып қалды, мен тіпті анамды қайдан іздеуді білмедім. Содан мен түрмеге түстім, сол кезде ойыма бірден келгені, осындағы қызметкерлерден көмек сұрау арқылы анамды табу. Арада бірнеше айдан кейін олар оны тапты. Біз телефонмен сөйлесіп кездесуді күттік, мен оны бүгін көремін. Әйелім, екі балам бар, қазір анамды таптым",-дейді ер адам.

Жәмила апай арада 29 жыл өткен соң ұлымен кездесуге келді, соңғы рет олар баланың 2 жасында көріскен екен. Одан кейін талай рет талпынғанымен, нәтиже болмаған. Анасы баласының оны іздеп жүргенін білгенде қатты таңғалғанын, тіпті бұл туралы мүлдем ойламағанын айтады.

"Өмірде бәрі қателеседі! Мен ұлымды ешқашан айыптамаймын. Мен оны іздедім, бірақ туыстары онымен араласуға тыйым салды. Жарайды, өмір ғой, мен ешкімді кінәламаймын. Бастысы, енді мен оны таптым", - дейді анасы.

Анасы мен баласына 30 жылға жуық зарыға күткен сәт, түрмеде бұйырыпты.

Колония қызметкерлері жігітке анасын табуға көмектесіп, барлық өтініштерді жолдап, ұзақ уақыт жұмыс істеген көрінеді. Нәтижесінде, олардың бұл әрекеті, ана мен баланың қаншама жылдық арманының орындалуына себепкер болды. Жауапты мамандар, екі тарап бұл жаңалықты естігенде бірден кездесуге келіскенін айтады.


"Сотталушы бізден анасын табуды сұрады, біз барлық инстанцияларға сұрау жібердік, содан кейін жауап алдық. Олар анасын тауып, бүгін кездесті. Енді ешқашан ажырамайтынын айтты", - дейді Мағжан Сембек,  ИЧ 167/2 колония бастығының орынбасары.

ИЧ 167/2 колониясында жеті жүзден астам тұтқын бар, әркімнің тағдыры әртүрлі, бірақ бәрінің тілегі бір, тезірек бостандыққа шығу, туыстарымен кездесіп, жаңа өмір бастау!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети