25 қараша 2016 16:57

Шымкенттік полицейлер енді автобуспен жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің жергілікті полициясының басшылары қызметтік автокөліктерден бас тартып, қоғамдық көлікке ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкенттің жергілікті полициясының басшылары қызметтік автокөліктерден бас тартып, қоғамдық көлікке ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ал өткізілген көліктер патрульдік көліктердің санын арттыру үшін жеке құрамға беріледі. Енді қалалық және төрт аудандық жергілікті полиция қызметінің басшылары Шымкентте жеке көліктерімен немесе қоғамдық көліктермен қатынайды.

"Өз қызметтік көліктерімізді жол полициясы полкіне бердік. Бұл Шымкенттегі тәртіпті бақылауды күшейтеді деп сенемін. Егер әрбір жетекші жиналысқа немесе жеке шаруасымен бір көліктен алып отыратын болса, бұдан пайда келмейді. Арнайы көліктер қалада жұмыс істеуі керек", - деді Шымкентті жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан.

Қазіргі уақытта ЖПҚ автопаркінде 120 автопатруль бар. Бірақ бұл қаланы толық қамтуға жеткіліксізө екен. Сондықтан аудан бөлімдерінің басшылары өз қызметтік көліктерін беруге келісім беріпті. Сонымен қатар, Данияр Мейірхан қалада қоғамдық көлікпен жүруге кеңес беріп отыр. Бұл арқылы полицейлер халыққа жақын болады, деп сенеді ЖПҚ басшылығы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети