Шымкенттің сауда-логистикалық өңірлік хабқа айналуға мүмкіндігі бар - Смайылов

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Мемлекет басшысы тапсырмасының жергілікті жерде орындалу барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралау жоспарланған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Мемлекет басшысы тапсырмасының жергілікті жерде орындалу барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралау жоспарланған.

Үкімет басшысы алдымен қаладағы заманауи сауда-логистикалық орталыққа барды. Қала әкімі М.Әйтенов шаhарда индустриялық аймақтарды дамыту, сауда-логистикалық орталықты кеңейту жұмыстарының барысынан хабардар етті.
Бүгінде Орталықтың қуаттылығы жылына 1 миллион тонна тауарды қабылдап алуға, сақтауға және жөнелтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталықты кеңейту, оған қажетті инфрақұрылым жүйелерін тарту жүргізілуде. 2023-2027 жылдары 136 га аумаққа 10 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Үкімет басшысы Шымкент қаласындағы аталған сауда-логистикалық аймақты кеңейту арқылы Қазақстанның бүкіл Оңтүстік өңірін қамтитын Өңірлік хаб құрудың мүмкіндігі зор екенін атап өтті.

"Индустриялды аймақтарды кеңейту жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде өнеркәсіп өнім көлемін арттыру өте маңызды. Сауда-логистикалық орталықты кеңейтуге, Шымкент қаласының өңірлік хабқа айналуына барлық мүмкіндігі бар. Ол бағаны төмендетіп, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету бойынша экономикаға оң әсерін тигізеді. Үкімет тарапынан қандай көмек керек болса, біз қолдауға дайынбыз", - деді Ә.Смайылов.

Жалпы, бүгінде Шымкент қаласында жаңадан 4 өндірістік алаң құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Онда жалпы құны 459 миллиард теңгені құрайтын 121 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы ұсынған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer