Shymkent bike жобасының бірінші станциясы 9 шілдеде ашылады

06 Шілде 2016, 18:32
0
Shymkent bike жобасының бірінші станциясы 9 шілдеде ашылады - © Шымкент әкімінің баспасөз қызметі
© Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

Shymkent bike жобасының бірінші станциясы 9 шілдеде ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов əкімдік мүшелерімен бірге қала көшелерінде веложол жүйесін енгізу жұмыстарын тексеру үшін қорытынды тур жасады.

Айта кетерлігі, алғашқы велостанцияның ашылу салтанаты 9 шілдеде әл-Фараби алаңында өтпек. "Онда азаматтар велосипед пайдалану үшін арнайы карта сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Олардың бір жылдық төлемақысы 11 500 теңге болып, 10 000 теңге жол жүру құнына, 1000 теңге (тек бірінші кезге) тікелей картаның өзіне, ал 500 теңге пайдаланушы балансы болып есептеледі", - деп түсіндірді әкімдік өкілдері велосипед алу жүйесін.

Сонымен қатар, төлем картасын сатып алған жағдайда арнайы PIN-код беріледі екен. Бұл жоба Шымкентте Астанадан кейін екінші болып енгізілді. Егер тұрғындар Астанада маусымына 6 ай қолдана алса, Шымкентте 1 жыл қолдану мүмкіндігіне ие. Сондықтан да бағасы қымбатырақ келеді. 


© Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

"Станцияны қалай пайдалануға болады? Арнайы оқырманға түсінікті болуы үшін велосипедте анықтама қызметі жапсырылған. Әуелі картаны бекітіңіз, кодын енгізіңіз, велосипед автоматты түрде қозғалысқа дайын болады. Іске қосылғаннан соң коммуналдық велосипед жарты сағат тегін қызмет көрсетеді. Әрбір велосипедке борттық компьютер, себет сөмкелер мен заттар орнатылған", - делінген хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай