24 қаңтар 2020 15:50

Синоптиктер 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елімізде қар мен боран сақталады. Синоптиктер 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Елімізде қар мен боран сақталады. Синоптиктер 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Циклон Батыс Сібір аймағынан өтпей жатып, кезекті циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне әсерін тигізеді. Соған байланысты тағы да қар, кей жерлерде борап жауады, көріну қашықтығы 50-200 метрге дейін нашарлайды, сондай-ақ дауылды жел болады. Оңтүстікте және батыста жауын-шашын жауады және жылбысқы қар түседі, тұман, көктайғақ болжанды. Ауа температурасының ауытқуына қарамастан, алдағы үш тәулікте көрсеткіш орташа 4-10 градустан жоғары болады", - делінген Казгидромет хабарламасында. 

Еске салсақ, кеше боран салдарынан Нұр-Сұлтан тұрғындарына жолға шықпауға кеңес берілген. Сондай-ақ, елордада 25 қаңтарға дейін боран соғып, қатты жел тұратыны хабарланған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети