Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты © Тengrinews.kz

Синоптиктер 2016 жылдың 8-10 қазанына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2016 жылдың 8-10 қазанына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Алдағы тәулікте жоғары атмосфералық қысым алаңының ықпалынан Қазақстанның барлық аумағында шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарды қоспағанда, 2-7 градус климаттық нормадан жоғары ауа температурасымен  ала бұлтты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Мұнда температура 1-3 грдаус және нормадан төмен болады. Бірақ Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысқан атмосфералық фронтпен, жексенбіде батыс, солтүстік және орталық облыстарда жаңбыр жауып, дүйсенбі кей кездері сулы қарға жалғасады.  Республиканың солтүстігі мен орталығында түнгі сағаттарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығысында алдағы үш тәулікте жылы және жайын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Осыған дейін, Синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып берген болатын. "Қазгидромет" РМК ұзақ мерзімді ауа райын болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ақышеваның айтуынша, алдын ала болжамға сәйкес, ауа температурасы Батыс Қазақстан облысында, Атырауда, Маңғыстауда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында климаттық нормада ауа температурасы нормадан жоғары, яғни республиканың басқа облыстарына қарағанда 1-2 градусқа жылы болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети