15 қазан 2018 13:29

Синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда қараша мен 2019 жылдың наурызы аралығында ауа райының қандай болатыны туралы "Қазгидромет" РМК гидрометорталық директоры Марина Шмидт айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда қараша мен 2019 жылдың наурызы аралығында ауа райының қандай болатыны туралы "Қазгидромет" РМК гидрометорталық директоры Марина Шмидт айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала болжамға сәйкес, қарашада синоптикалық процестер жиі ауысып отырады, ол ауа температурасының тұрақсыздығын тудырады - аяздан оның аздап әлсіреуіне дейін, сонымен қатар, жауын-шашын болып, желдің күшеюі, жолдарда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұманның түсуі күтіледі.

"Айтарлықтай аяз қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндігінің ортасында күтіледі: Қазақстанның солтүстігінде түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус суық болады. Оңтүстікте түнде 5-10, күндіз 0-5 градус суық болады. Ұзақмерзімді болжамдарға сәйкес, алдағы қыс Қазақстанда суық болады, ауа температурасы көпжылғы орташа мәннен төмен, жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады", - деп хабарлады Марина Шмидт.

Желтоқсанда суық антициклондар жиі келеді, соның әсерінен аяз, ал қар аз ғана мөлшерде болады, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа төмен болады, тек батыс пен шығыста температура нормаға сай болады. Солтүстік-шығыс, оңтүстіктің кей жерлері мен оңтүстік-батыста аздаған жауын-шашын болады.

"Қаңтарда сібір антициклондарының әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көпжылдық мәннен 1 градусқа төмен, қар аз болады. Алайда батыс пен оңтүстікте ауа температурасы нормаға сай болады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы кейбір таулы және тауға жақын орналасқан аудандарда жауын-шашынның мөлшері нормаға сай болады", - деді гидрометорталық директоры.

Ақпанда ауа температурасы көпжылдық мәннен 1-2 градусқа төмен болады деп күтіледі, тек оңтүстік-шығыста климаттық нормаға сай болады. Батыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстік пен шығыстағы кейбір таулы және тауға жақын орналасқан аудандарда жауын-шашынның мөлшері нормаға сай болады.

Күнтізбелік көктемнің басында суық пен жылы күндер және қатты жауын-шашын кезектесіп отырады. Бұл айда орташа есеппен ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары, тек батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға сай болады. Наурызда жауын-шашынның мөлшері нормадан жоғары болады, тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде нормаға сай болады.

Марина Шмидттің айтуынша, 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың наурызы аралығына арналған ауа райы болжамы алдағы қысқа дайындалу үшін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ қызметтеріне жолданды.

Спикердің сөзіне қарағанда, болжамның ықтималдығы 55-60 пайызға тең, кейін бір айға, онкүндікке және одан да қысқа мерзімге жасалған болжамдар бойынша нақтыланып отырады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети