Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде дауыл болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде дауыл болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жаңбыр, найзағай, дауыл (кенеттен соққан), бұршақ жауады. Сондай-ақ, оңтүстік-шығыстан соққан желдің солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 17-22 м/с-ке жететіні айтылады.
"Өскеменде күндіз 19 маусымда жаңбыр жауып, найзағай тұрып, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Қостанай облысының кей жерлерінде де найзағай күтіледі. Сонымен қатар, бұршақ жауып, солтүстік-батыстан жел соғуы мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер.
"Қазгидромет" өкілдері осыған дейін 19-21 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтқан еді.