03 қараша 2015 | 11:41

Синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қарашаның бірінші онкүндігінде солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыста қарашаның үшінші он күнінде қар түседі. Бұл айда суықтың үш толқыны келіп жетеді, ол бірінші және екінші онкүндіктің басында, сонымен қатар, үшінші онкүндіктің ортасында.

Синоптиктердің мәліметінше, қараша айының үшінші онкүндігінің ортасында қатты аяз болады, ол кездері Қазақстанның солтүстігінде түнгі ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді, күндіз 12 градус суық болады. Ал еліміздің оңтүстігінде түнде - 10 градус, күндіз 5 градус суық болады.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 3-5 қараша аралығында Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте тұман түсіп, жауын жауып , жолдарда көктайғақ болады.

"Оңтүстік-батыс желінің күшеюіне байланысты республика бойынша аяздың беті қайтады: еліміздің басым аумағында түнде 0-5 градус суық, күндіз -3+3 градус жылы болады, ал оңтүстікте түнде 0-5, күндіз 3-10 градус жылы болады", - деп хабарлады метеорологтар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети