Ауа райы: Республика бойынша аяздың беті қайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Республика бойынша аяздың беті қайтады © wonderfulnature.ru

Синоптиктер 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдымыздағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте тұман түсіп, жауын жауып , жолдарда көктайғақ болады.

"Оңтүстік-батыс желінің күшеюіне байланысты республика бойынша аяздың беті қайтады: еліміздің басым аумағында түнде 0-5 градус суық, күндіз -3+3 градус жылы болады, ал оңтүстікте түнде 0-5, күндіз 3-10 градус жылы болады", - деп хабарлады метеорологтар.

Айта кетейік, синоптиктер желдің күшеюіне байланысты ескерту жариялады. 3 қарашада Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде секундына 25 метрге дейін күшейеді және бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар, Астанада 3 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деген болжам бар.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +31
Ақтау +20
Ақтөбе +20
Атырау +23
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +31
П
Павлодар +31
Петропавл +32
С
Семей +34
Т
Талдықорған +32
Тараз +34
Түркістан +20
О
Орал +27
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер