Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Синоптиктер қазақстандықтарды демалыста қандай ауа райының күтіп тұрғанын айтты

20 Қараша 2015, 12:40
0
© xn----8sbiecm6bhdx8i.xn--p1ai
© xn----8sbiecm6bhdx8i.xn--p1ai

Синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның орталығына орнаған циклон мен олармен байланысты атмосфералық фронттар жауын-шашын тудырады, сонымен қатар, еліміздің басым аумағында қар жауады.

"Демалыс күндері циклонның әсері оңтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне әсер етеді, бірақ оның шығысқа қарай ауысуы бәсеңдей түседі. Ауа температурасы климаттық нормадан 2-5 градусқа жоғары болады, тек дүйсенбі, 23 қарашада шығыста климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен, ал қалған өңірлерде нормаға сай болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, еліміздің солтүстігі Сібір антициклонының ықпалында әлі де болады, сондықтан түнде 22-30 градус аяз сақталады, ол климаттық нормадан 5-10 градусқа төмен. Бірақ Ресейдің еуропалық аумағынан жылжып келетін циклон жылу мен ылғалды ала келеді, соның әсерінен дүйсенбіде солтүстік пен батыста ауа температурасы көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай