Сириялық оппозиция Назарбаевтан дағдарысты шешуге дәнекер болуды сұрауға ниетті

04 Қазан 2015, 10:02
0
Сириялық оппозиция Назарбаевтан дағдарысты шешуге дәнекер болуды сұрауға ниетті - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Сирия оппозициясының Астанадағы конференциясының қатысушылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сириялық дағдарысты шешуде медиатор болуды сұрап, үндеу жасамақшы. Бұл туралы кездесуге қатысқан Махмұд Әл-Афанди мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.  

"Олардың Назарбаевтан осыны сұрайтыны белгілі, барлық қатысушылар осыған келісті. Қазақстан президенті осы мәселе бойынша Франциямен, Иранмен, Ресеймен диалог бастауы қажет", - деп мәлімдеді Әл-Афанди.

Сонымен қатар, ол келіссөздердің екінші күнінің қорытындысы бойынша қорытынды декларацияның мәтінінің келісілмегенін және талқылаудың 4 қазанға жалғасқанын айтып берді.  

Еске салайық, 2-4 қазан аралығында Астанада сириялық реттеу бойынша келіссөздердің екінші раунды өтіп жатыр. Бірінші раунд Астанада 25-27 мамыр аралығында өткен еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай