03 сәуір 2017 12:26

Сиыр сауатын роботы бар кәсіпорын өнімділігін арттырып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© баспасөз қызметінен © баспасөз қызметінен

Ордабасы ауданындағы "Бөрте Милка" сүт-тауарлық фермасы өндірісті модернизациялау шеңберінде швед технологиясы бойынша сауу цехын іске қосып, тәулігіне 8 тонна сүт өндіруге қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ордабасы ауданындағы "Бөрте Милка" сүт-тауарлық фермасы өндірісті модернизациялау шеңберінде швед технологиясы бойынша сауу цехын іске қосып, тәулігіне 8 тонна сүт өндіруге қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ферма Швецияныӊ "DeLaval" компаниясыныӊ озық технологиясы негізінде салынған.  Кәсіпорын республика бойынша еӊ заманауи сүт-тауарлық фермаларыныӊ алғашқы үштігіне кіреді. Компания кешені толығымен роботтандырылған. Кешенде 408 бас сауын сиыр бар.  Үш мезгіл сауылатын бір сиырдан тәулігіне 30-32 литр сүт алынады.

"Сүт-тауарлық фермасында 6 робот-сауыншы, автоматтандырылған көӊ алғыш құрал-жабдық, жемдеу үстелі, салқындату, метеостанциялы желдеткіш, сиырлардыӊ күйлілігін анықтау камералары, сүт сауу аппараттары бар сүт құбыры орналасқан. Негізгі 400 басқа есептелген кешеннің инвестициялық көлемі 9,4 млиллиард теңге. Бұл кешен облыста сүт өндірісін жаӊа деӊгейге көтеруге және импорттық өнімге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұнда 6 мал дәрігері, 2 тұяқшы, 2 ұрықтандырушы жұмыс істейді. Сиырлардың құлағында чип орнатылған. Сауын орнына осы чип арқылы кіріп шығады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, облысқа жылына 738,4 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi қажет деп есептелген.  Қазіргі күні 740,6 мың тонна өндіріледі. Облыс бойынша iрi, орта және шағын сүт өндiрушi 61 агроқұрылым жұмыс iстеп тқр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети