"СҚ-Фармация" басшысы гуманитарлық көмектің қоймада неліктен кідіргенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СҚ-Фармация" басшысы гуманитарлық көмектің қоймада неліктен кідіргенін түсіндірді Фото: ҚР СІМ

"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің қоймада неліктен кідіргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Қазақстанға келген гуманитарлық көмектің қоймада неліктен кідіргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерхат Есқалиев El Tiregi YouTube-каналының тікелей эфирінде мұны құжатпен байланысты деп атады.

"Кез келген жүктің құжаты болу керек, құжаты болмады. Біз рәсімді бір сертификатқа дейін қысқарттық, бірақ ол да болмады. Ең маңызды сұрақ - ол қауіпсіздік. Егер біз адамдарға зиян келтірсек, онда үлкен жанжал болар еді", - деді Ерхат Есқалиев.

Ол бұл мәселенің қалай шешілгенін айтып берді.

"Енді біз алдын ала қамданамыз. Алдымен құжат бойынша талаптарды қоямыз, электрон нұсқаларын аламыз және реттейміз. Жүкті әуежайдан бірден жібере аламыз. Бізге көмектесіп жатқан барлық елге алғыс айтқым келеді. Кейде олар бізге жіберіп тұрса да, біз олардан құжат талап етіп "қысатынымыз" ыңғайсыз. Бұл Қазақстан өзін дәрімен қамтамасыз ете алмайды деген емес, бұл ізгі ниеттің белгісі", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін "СҚ-Фармация" ЖШС жаңа басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев бұрынғы басшылықтың жасаған "қателері үшін" кешірім сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети