18 шілде 2020 15:53

Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшылығының "қателері үшін" кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев бұрынғы басшылықтың жасаған "қателері үшін" кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев бұрынғы басшылықтың жасаған "қателері үшін" кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерхат Есқалиев El Tiregi YouTube-каналындағы тікелей эфирде өзінің тағайындалуы туралы айтты.

"Тағайындау аяқ астынан болды. Бір жағынан осыған өмір бойы дайындалдым. Аз уақыт ішінде кешенді шаралар кешенін әзірледік. Тиімділігі аз болса да тез болған жеңістер. Шыдамдылық танытқан (дәрі жетіспеушілігі - авт.)  баршаңыздан кешірім сұрағым келеді. "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшылығы бір жерде байқамай қалуы мүмкін, біз дұрыс қарамаған шығармыз. Жүйе солай құрастырылған, бәрі қаулы, шешімге бекітілген, бұл - қиын", - деді Ерхат Есқалиев.

Еске салайық, 10 шілдеде "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма басшысы Берік Шәріп өтініш жазып, қызметтен босатылды. Бұл лауазымға Ерхат Есқалиев тағайындалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети