10 қараша 2020 12:36

"СК-Фармация" басшысы миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерхат Есқалиев бұл мәселе оның құзыретінде емес екенін мәлімдеді, бірақ таяуда БАҚ-та дәрігерлердің жалақысы барлық шегерімді ескере отырып, бір миллион теңгеге жететіні айтылған деді.

Алайда журналистер одан тағы да "қазақстандық дәрігерлердің жалақысы миллион теңге ме?" деп сұрады.

"Бұл мәселе менің құзыретімде емес екенін тағы да айтқым келеді. Бірақ үстеме ақыны қоса есептегенде, осындай жалақы алатын дәрігерлер бар. Бұл туралы БАҚ-та айтылды", - деді "СК-Фармация" басшысы.

Айта кетейік, "СК-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиевтің жалақысы - 1 миллион 300 мың теңге. Ал компания басшысының орынбасары 900 мың теңге алады.

Еске салайық, мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 258 708 теңге екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети